Қанатты сөздер мен цитаталар

Абайдың даналық сөздері, афоризмдер және қанатты сөздер. Сөзі немесе жинағы бойынша іздеңіз.

Табылды: 331

  1. Абайдың таңдамалы даналық сөздері

    Адал жүріп, адал тұр.

  2. Абайдың таңдамалы даналық сөздері

    Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.

  3. Абайдың таңдамалы даналық сөздері

    Адам баласына адам баласының бәрі — дос.

  4. Абайдың таңдамалы даналық сөздері

    Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек — дұрыс іс.

  5. Абайдың таңдамалы даналық сөздері

    Адам баласының ең жаманы — талапсыз.

  6. Абайдың таңдамалы даналық сөздері

    Адамзат — бүгін адам, ертең — топырақ.

  7. Абайдың таңдамалы даналық сөздері

    Адамшылықтың алды — махаббат, ғаделет.

  8. Абайдың таңдамалы даналық сөздері

    Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы — қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін.

  9. Абайдың таңдамалы даналық сөздері

    Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.

  10. Абайдың таңдамалы даналық сөздері

    Ақыл өссе, ол түпсіз терең жақсылық сүймектікбірлән өсер.

  11. Абайдың таңдамалы даналық сөздері

    Ақырын жүріп, анық бас.

  12. Абайдың таңдамалы даналық сөздері

    Асығыс түбі – өкініш.