Қазақ мәтелдері

Мәтелді сөзі немесе санаты бойынша іздеңіз.

Табылды: 6677

  1. Аға

    Аға алғанша, жеңге жегенше.

  2. Аға

    Аға алдында арсыз іні сөйлейді.

  3. Аға

    Аға алдында пейілінді көрсет, Іні аддында мейірінді көрсет.

  4. Аға

    Аға әдепті болса іні әдепті, Апа әдепті болса сіңлі әдепті.

  5. Аға

    Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақүл айт.

  6. Аға

    Аға — бор, іні — тас.

  7. Аға

    Ағадан ақыл, атадан нақыл.

  8. Аға

    Ағадан ақыл, ініден ізет.

  9. Аға

    Ағадан қалғанды іні киіп өседі, Ападан қалғанды сіңлі киіп өседі — көргендерін бойына түйіп өседі.

  10. Аға

    Аға еңбекпен көркем, Бала біліммен көркем.

  11. Аға

    Ағаның үйі ақ жайлау.

  12. Аға

    Аға өлсе жеңге мұра, Іні өлсе келін мұра.