Қазақ жұмбақтары

Жұмбақты сөзі, жауабы немесе санаты бойынша іздеңіз. Жауабын ашып көруге болады.

Табылды: 4439

  1. Адам және оның дене мүшелері

    Алпыс екі мәуелі шынар ағаш, Ағашқа біткен бұтақ жалғас-жалғас. Және де екі тесік бір мешітте, Қаланған кірпіші бар іргесінде. Бір әйнек шыны да емес, темір де емес, Жасауы сынып кетсе қолдан келмес. Жұмбағым тез ойланып тауып берші, Сен-дағы жігіт едің өзім теңдес.

  2. Адам және оның дене мүшелері

    Бір “әліп” мұнарадай көзім көрген, Екі “мәт”, екі “сәкін” оған ерген. Болғанда “иа”ден камал, нұрдан гауһар, Болады кім данышпан мұны білген.

  3. Адам және оның дене мүшелері

    Бір таудың алпыс сегіз саласы бар, Он екі жанында қаласы бар. Бау-бақша түрлі өсімдіктер, Барлығын билеп тұрған анасы бар.

  4. Адам және оның дене мүшелері

    Ағады алпыс екі бұлақ бір қайнардан, Он екі бұлағы бар шыр айналған. Ісіне таң қаламын құдіреттің, Бәрі де бір нәрсеге ыңғайланған.

  5. Адам және оның дене мүшелері

    Меккеде бір ағаш бар түбі жуан, Он екі ұл, алпыс екі қызы бір күні туған.

  6. Адам және оның дене мүшелері

    Бір қария жерде де емес, көкте де емес, Болғанда түбі терең, аузы кемеш. Ішіне ит түссе де арам емес.

  7. Адам және оның дене мүшелері

    Қос әйнек шыны да емес, темір де емес, Бұзылса оны адам түзер емес. Кезінде өзі ашылып, жабылады, Мағынасы қымбат нәрсе, арзан емес.

  8. Адам және оның дене мүшелері

    Әрі жүрер қараша ат, Бері жүрер қараша ат. Су бойында тұнық су, Таңдап ішер қараша ат.

  9. Адам және оның дене мүшелері

    Жар қабақта екі бастау, Жапсар тастың астында Жасыл ала құс жатыр.

  10. Адам және оның дене мүшелері

    Кішкене ғана тостаған Жер дүниені бастаған.

  11. Адам және оның дене мүшелері

    Көріп едім бір үлкен дарияны, Барша қыз мекен етіп жатыр оны. Ішінде ерлі-байлы екі аққу бар, Жарықтық жеті сарбас балалары.

  12. Адам және оның дене мүшелері

    Кіп-кішкене қараша, Тұрған жері тамаша. Бір секундта жер-көкті Алады шарлап қараса.